Мақаш Тәтімов - демография деген ғылымды елімізге алғаш алып келген ғалым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақаш Тәтімов - демография деген ғылымды елімізге алғаш алып келген ғалым

19.04.2016
 Мақаш Тәтімов - демография деген ғылымды елімізге алғаш алып келген ғалым

«Біршама уақыт ауырып жаттым. Көрінбей кеткенім де содан. Дегенмен, төсек тартып жатып қалған жоқпын. Өмірімді арнаған саланың жарқын сәттерін жинақтап, еңбегімді жариялаған жайым бар...». Мақаш Тәтімов баспасөзге берген соңғы сұхбатында осылай деген екен.

Ғалым жақында ғана «Хас тұлпардың ізімен» атты мемуарын жариялаған болатын. Естелік кітабында өмірінің жарқын беттерін, ғылымдағы жолын түгел қамтыпты. Оқып жүрген сәттер, Елбасымен Украинада жолығуы, Мақсұт Нәрікбаевпен достығы – бәрі де осы мемуарда толық жазылған.

Демография деген ғылымды елімізге алғаш алып келген Мақаш Байғалиұлы еді. Ғалым шеттегі қандастарымыздың да елге көптеп көшіп келуіне атсалысты. Ел астанасының Алматыдан Ақмолаға көшуін алғаш болып қолдады.

Ғалым өмірінің негізгі бөлігін сарп еткен осы бір ғылым саласына келгенін мақтан тұтты. Соңында қалған ізбасар шәкірттерін де тәрбиелеп кетті.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу