Маңғыстауда энергетиктер 500 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда энергетиктер 500 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

10.11.2020

Маңғыстауда энергиямен жабдықтау мекемелерінің басшылары мен лауазымды тұлғаларынан құралған қылмыстық топ 500 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған. Естеріңізге сала кетсек, былтыр қазан айында «Маэк-Қазатомөнеркәсіп», «Алянсэнергоснаб», «Электр жүйелері» компанияларының басшылары мен «Маңғыстауэнерго», «Өзенэнергосервис» мемлекеттік мекемелерінің лауазымды қызметкерлері қамауға алынды. Оларға қылмыстық топ құру, оған басшылық ету, рейдерлік,салықтан жалтару, бюджет қаржысын ұрлау, заңсыз жолмен тапқан ақшаны заңдастыру деректері бойынша айып тағылды. Шығынды өтеу үшін 110 млн теңгені құрайтын мүлік тәркіленді. Айыпталушылар 9 адам, 5-еуі қамауда. Қалғандары үй қамақта. Іс сотта қаралып жатыр.      

Нұрлан Смағұл, Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі: 
-Қылмыстық топ 2018 жылдың қаңтар айынан бастап құрылып, ақпан айында заңсыз әрекеттерін бастаған. Ең бірінші бастағаны Жаңаөзен қаласында энерго жабдықтаушы ұйымы электр желілері мекемесін рейдерлік жолмен өздеріне тартып алу және қорқытып алу жолымен осы мекемені тартып алған болатын.   


Маңғыстау энергетик қаржы

Хабарламаларға жазылу