Ауыл тұрғындарының тек 20-25 пайызына ғана спорт ғимараттары қолжетімді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл тұрғындарының тек 20-25 пайызына ғана спорт ғимараттары қолжетімді

18.04.2016
Ауыл тұрғындарының тек 20-25 пайызына ғана спорт ғимараттары қолжетімді

«Біз соңғы кездері спорт нысандарын шалғайдағы ауылдарда салуға мән беріп отырмыз. Өйткені, ірі қалаларға жақын ауыл тұрғындарының спортпен қамтылуға жағдайлары біршама баршылық. Жалпы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде 36 мың спорттық ғимараттар бар. Оның ішінде 24,5 мың спорт нысандары білім беру мекемелеріне қарасты. Сонымен қатар, талдау нәтижелері көрсеткеніндей, халықтың спорт залдарына сұранысы шамамен 43 пайызды құрайды, ал нысандар тапшылығы 56 пайыз. Соның ішінде ауылдық жерлердегі спорт нысанының тапшылығы 86 пайызға жетіп отыр», деді А. Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, осының өзі ауылдағы тұрғындардың тек 20-25 пайызының ғана дене шынықтыру және спорт нысандарына қол жетімді екенін көрсетіп отыр.

«Біздің министрлік «100 мектеп» пен «100 аурухана» жобасы секілді «100 дене шынықтыру кешені» құрылысын салуға бастама көтеріп жүр. Шындығында, спорт залдар мен дене шынықтыру кешені көптеп салынса, онда «100 аурухана»  жобасының қажеттілігі де азаяр еді», - деді министр.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу