Орталық Азия мен Еуропаға пандемияның қайта өршу қаупі төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия мен Еуропаға пандемияның қайта өршу қаупі төніп тұр

04.11.2021
0:00:00
0:00:00

Ұлыбританияда ковидке қарсы әлемдегі ең бірінші таблетка мақұлданды. Дәріні вирус жұқтырғаннан кейін немесе оның симптомдарды байқалғанда дереу қабылдау керек.

Ал, Орта Азия мен Еуропаның 53 еліне пандемияның қайта өршу қаупі төніп тұр. Жаңа толқын алдағы апталарда басталады немесе қазірдің өзінде бастан өткеріп жатыр. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық кеңсесі мәлімдеді. Өткен аптада осы мемлекеттерде ковидпен госпитальге түскендер саны екі есеге артты. Ақпанға дейін коронавирустан тағы 500 мыңдай адам қаза табуы мүмкін. Ұйымның тағы бір мәліметінше, «Қарт құрлық» тұрғындарының 47 пайызы ғана толық вакцина алған. Тек сегіз елде ғана халықтың 70 пайызына екпенің екі компоненті салынған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу