Әдептіліктің әрбір адам білуі тиіс 20 қағидасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әдептіліктің әрбір адам білуі тиіс 20 қағидасы

17.04.2016
Әдептіліктің әрбір адам білуі тиіс 20 қағидасы

Енді, назарларыңызға көпшілік арасында жақсы жағынан көрініп, өмір берген игіліктердің рахатын көру үшін қажетті ең қарапайым деген ережелерді ұсынамыз.   

Күнделікті адамдармен араласу:

Бұл жерде біз өзін тәрбиелі адам ретінде танытқысы келетіндер үшін есте ұстау қажет бірнеше талаптар туралы жазбақпыз.

 Ғимаратқа кірген кезде әрдайым бірінші болып амандасу керек.

Егер Сіздің қасыңыздағы адам біреумен амандасатын болса, онымен Сіз де амандасыңыз.

«Рахмет» айтуды ешқашан да ұмытпаңыз.

Дөрекі сөйлеген адамға дөрекілі танытпаңыз, бұл көпшілік алдында Сіздің беделіңізге нұқсан келтіреді.

Егер  біреудің үйіне қонаққа баратын болсаңыз, үй иелерін өзіңіздің келетіндігіңізден алдын ала хабардар етіңіз.

Дөрекі және әдепсіз әрекеттерді елемеңіз.

Қателессеңіз тек бір рет қана кешірім сұраңыз. Өзіңізді кемшілігіңіз туралы қайта-қайта еске сала берудің қажеті жоқ.

Біреумен сөйлесіп тұрған кезде әңгімелесушіңіздің қолынан ұстап тұру сияқты қылықтардан аулақ болған жөн. 

Сыртқы келбет:

Алдын ала ескертейік, егер иесіне жараспайтын болса ең соңғы үлгідегі деген сән үлгісінің өзі көзге оғаш көрінеді. 

Енді қарапаймы талаптарға көшейік.

Үйден шыққанда міндетті түрде аяқ киіміңізді тазалап шығыңыз және оны қажет кезде сүртіп тазартып отыру, үшін ылғи шүберек немесе аяқ киім тазалауға қажетті  заттарды алып жүріңіз.

Иіс суларды ұқыппен пайдаланған жөн. Өйткені, кейбір адамдарға өткір иіс ұнамайды, кейбірінің тіпті аллергиясы болуы мүмкін.   

Киетін киміңіз баратын шараңызға лайықты болуы керек. Яғни, кеңсеге киетін, саябақта серуендеген кезде киетін, театр мен мейрамханаға баратын кезде киетін киімдер өзінше бөлек болуы керек.

Қоғамдық орындарда өзіңізді ұстау туралы:

Егер Сіз біреумен сөйлесіп отырған болсаңыз телефоныңыз туралы ұмытуыңыз керек.

Қоғамдық орындарда телефонмен ұзақ сөйлесуге болмайды. Сондай-ақ, телефонмен сөйлескенде қатты дауыс шығарып сөйлеу және қарқылдап күлу де орынсыз.

Ғимарат ішінде отырғанда әйел адамға бас киімімен және бес саусақ қолғабымен (перчатка) отыра беруге болады.

Ер адам әйел адамның алдында отырып, шылым шегетін кезде алдымен әйел адамнан рұқсат сұрауы керек.

Егер Сіз көлік жүргізіп келе жатсаңыз жаяу жүргіншілерге шалшық суды шашыратып кетпеуді қадағалағаныңыз дұрыс.

Мейрамхана мен театрға барғанда:

Өзіңіздің орныңызға отырған адамдарға қарсы жүре отырып жету керек. Бұл ертте ер адамның бірінші жүретінін айта кету керек.

Мейрамғанаға барғанда да алдымен ер адам кіреді.

Сушиді ер адам қолымен жесе де болады.

Мейрамханаға кім шақырады, желінген тағамның ақысын да сол төлейді. Егер шығынды екі жақ бөліп төлейтін болса, бұл туралы алдын ала келісілуі керек.

Әдепті, тәрбиелі адам болу аса қиын емес. Оған аздап күш салсаңыз жеткілікті. Өміріңіз мәнді де сәнді бола түседі.  Шын мәніндегі мәдениетті адам өзгелердің қателіктерін елемеуі керек. Осы құнды кеңестермен өзгелермен бөлісуге асығыңыз.

Хабарламаларға жазылу