Гример анатомияны жақсы білуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гример анатомияны жақсы білуі тиіс

17.09.2014
Гример анатомияны жақсы білуі тиіс

Шетел киноларындағы құбыжықтарды жасау үшін гример кем дегенде 8 сағат әуреленеді.  Үрей туғызатын шынайы образды өмірге әкелу – оңай шаруа емес. Ал, біздің елде қорқынышты фильмге дәл шетелдіктер секілді бет әрлейтін тәжірибелі гримерлер де жоқтың қасы.

«Гример дегеніміз жай ғана суретші емес, ол мүсінші, визажист болуы керек. Тіпті, анатомияны жақсы білуі тиіс. Адамның жақ сүйектеріне сәйкестендіріп, бетперде дайындаймын. Сондықтан, бет-әлпет пішініне келтіріп, жақсы дүние шығару үшін бір апта, кейде бір ай кетеді»,- дейді гример  Сергей Кортель.

Сергей алғаш өз бетіне пластикалық грим жасапты.  Нәтижесі көңілге қонымды болған соң, екі жылдан бері осы істі қолға алған. Еліміздегі киноөндірісте қорқынышты фильмдер болмаған соң, сұраныс та аз. Тек мерекелерде ғана бет бояп, ақша табуға мүмкіндік бар.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу