Дәрігерлер: Күніне көкөніс пен жемістің 8 порциясын жеу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер: Күніне көкөніс пен жемістің 8 порциясын жеу керек

17.04.2016
Дәрігерлер: Күніне көкөніс пен жемістің 8 порциясын жеу керек

Оксфорд университетінің мамандары түрлі аурудан сақтану үшін күніне көкөніс пен жемістің 8 порциясы  жеткілікті екенін айтады.

Зерттеу кезінде ғалымдар пайдалы тағамды жеткілікті пайдалану жүректің ишемиялық ауруының туу қаупін 22 пайыз төмендетіп, ішек-қарын жолының жұмысын қалыпқа келтіретінін анықтады.

Мамандар 40-85 жас аралығындағы 300 000 еріктінің денсаулығын сараптап, кейін осындай тоқтамға келген.

Айта кетейік, көкөніс пен жемістің 1 порциясы - шамамен 100 грамм.

Хабарламаларға жазылу