Леонардо да Винчидің ұрпақтары табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Леонардо да Винчидің ұрпақтары табылды

17.04.2016
Леонардо да Винчидің ұрпақтары табылды

Леонардо да Винчи - италиялық суретші әрі ғалым. Оның тегі біз ойлағандай «да Винчи» деп берілмеген. Нақтырақ айтқанда, оның тегі болмаған. Сол себепті оны «Винчи қалашығынан шыққан» деген мағынамен «да Винчи» деп атаған.

Бұған дейін суретшінің баласы болмаған деп есептеліп келген. Өнертанушы, Леонардо мұражайының директоры Алессандро Веццози бұл жаңалықты 14 сәуірде суретшіге арналған конференцияда жария еткен.

Зерттеуші «ғалымның ұрпағы қалмаған» деген дерекке сенбей, 43 жыл бойы осы жұмбақтың жауабын іздеп келген. Нәтижесінде әйгілі суретшінің бүкіл әлем бойынша 35 ұрпағы бар екен. Итальялық ғалымдар осындай қорытындыға келіп отыр.

Мамандар іздестіру жұмыстарын 40 жылдан астам уақыт бойы жүргізген. Белгілі болғандай, «Джоконда» авторының туыстары негізінен Италияда тұрады. Олардың арасында атақты режиссер Франко Дзеффирелли де бар. Сонымен қатар, шебердің ұрпақтары Франция мен Испаниядан да табылған. Ұрпақтарының бірі режиссер, бірі кондитер, бірі полиция қызметкері.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу