Геннадий Головкин Nike және аңызға айналған баскетболшы Майкл Джорданның бірлескен сауда маркасы Jordan брендімен келісімшартқа қол қойды.
Геннадий бұл брендті ұсынатын үшінші боксшы. Оған дейін компаниямен Андре Уорд пен Рой Джонс кіші жұмыс істеп келеді.
«Геннадийді Jordan Brand отбасына қабылдап жатқанымызға қуаныштымыз. Геннадийдің кәсіби этикасы, іске адалдығы мен стилі мұның оң шешім екенін көрсетеді», - деп атап өтті Jordan Brand президенті Ларри Миллер.
Өз кезегінде Геннадий Головкин Jordan маркасымен келісімшартқа қол қойғанына қуанышты екенін жеткізді.