Головкин-Уэйд бокс кешіне 14500 билет сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Уэйд бокс кешіне 14500 билет сатылды

13.04.2016
Головкин-Уэйд бокс кешіне 14500 билет сатылды

Геннадий Головкин-Доминик Уэйд және Роман Гонсалес-Маквильямс Арройо арасындағы жекпе-жектер өтетін «Жеңілмегендер» атты бокс кешіне 14500-ге жуық билет сатылды.

Бұл туралы Boxingscene.com-ға К2 Promotions басқарушы директоры Том Леффлер хабарлады. Ол сондай-ақ, қазіргі кезде 3000-ға жуық түбіртектің қолжетімді екенін атап өтті.

«Кездесуге дейін екі аптаға жуық уақыт қалды, сатылымда 3000-ға жуық билет бар. Билеттерге сұраныстың жоғары болуынан біз үлкен аренаны аштық. 2015 жылғы 17 мамырда Вилли Монроға қарсы өткен жекпе-жекке 3000 билет бір аптада сатылған еді. Сондықтан осы жекпе-жекке арналған 3000 билеттің соңғы екі аптада сатылып кететініне сенімдіміз», - деді Леффлер.

Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуір күні өтетін Геннадий Головкин-Доминик Уэйд жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы таңғы сағат 07:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу