Геннадий Головкин Криштиану Роналдуды Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин Криштиану Роналдуды Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады

13.04.2016
Геннадий Головкин Криштиану Роналдуды Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады

Қазақстандық орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин өз твиттерінде Криштиану Роналдуды мадридтік «Реалды» УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады.

«Жеңісіңмен құттықтаймын, Криштиану», - деп жазды қазақстандық спортшы әлеуметтік желіде.

Еске сала кетейік, мадридтік команда ширек финалдың жауапты ойынында германиялық «Вольфсбург» командасын 3:0 есебімен ұтты. Ал, португалиялық бұл матчта хет-трек жасады.

Хабарламаларға жазылу