Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен құрама мүшесі Біржан Жақыпов ертең «Таңшолпанға» сұхбат береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен құрама мүшесі Біржан Жақыпов ертең «Таңшолпанға» сұхбат береді

12.04.2016
Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері  Мырзағали Айтжанов пен құрама мүшесі  Біржан Жақыпов ертең «Таңшолпанға» сұхбат береді

Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері  Мырзағали Айтжанов пен AIBA Pro-Boxing жобасында Рио Олимпиадасына жолдама алған құрама мүшесі  Біржан Жақыпов ертең Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат береді.

Балаларды түрлі спорттық, мәдени, білім беру үйірмелеріне неше жастан бастап беруге болады? Бұл туралы таңғы бағдарлама көрермендеріне психолог Айгүл Рахымжанқызы әңгімелейді.

Ал, жүргізуші куәлігін алу үшін жаңадан енгізілген нормалар туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Борановамен сұхбат өрбімек.

3 жасар қызды өзенде ағып бара жатқан жерінен құтқарып қалған 4 сынып оқушысы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданының тұрғыны Мұхамедәли Құрақ та ертеңгі бағдарламада қонақта.

Бұдан бөлек, «28 ілмек» әйелдер клубының жұмысы, у-шу спортының ерекшелігі мен саңырауқұлақтың ағзаға берер пайдасы туралы қызықты сюжеттерді 07:00-10:00 аралығында Ұлттық арнадан көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу