Пластик бөтелкелердің қай түрі зиянды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пластик бөтелкелердің қай түрі зиянды?

11.04.2016
Пластик бөтелкелердің қай түрі зиянды?

Барлық пластик бөтелкелердің жапсырма қағазында немесе корпусында оның пластиктің қай түрінен жасалғаны міндетті түрде көрсетіледі.

Пластиктің түрлері құрамындағы химиялық қоспаларға байланысты ажыратылады.

PET немесе бір рет қана қолданылатын пластик ыдыстар. Олар адамның гормоналды балансына әсер ететін заттар мен ауыр металдарды бөледі. Сондықтан, пластиктің бұл түріне су сақтауға немесе тағы бір рет қолдануға болмайды.

НDP. Бұл – пластиктің қатты түрі. Зиянды заттарды бөлмейді. Одан ойыншықтар, сондай-ақ, сүт сақтайтын ыдыстар жасайды.

PVS. Пластиктің жұмсақ түрі. Өсімдік майын сақтайтын, торт сақтайтын ыдыстырды жасауда қолданылады. Қасиеттері бойынша PET-ке ұқсайды. Организмге зиянды заттарды бөледі.

LDPE. Пластиктің бұл түрінен жасалған ыдыстарда тек суды ғана сақтаған жөн.

PP. Бұл – пластиктің ақ түрі. Көбінесе йогурттардың ыдысын жасауда қолданылады. Жоғары температуға бекемді. Денсаулыққа еш зияны жоқ.

PS. Пластиктің бұл түрінен жасалған ыдыстарды тек салқын күйінде ғана қолданған жөн. Егер жылытса, өте зиянды химиялық құрамаларды бөледі. ЕСКЕРТУ: Одан көбінесе кофеге арналған стақандар мен тамақ сақтайтын контейнерлерді жасайды.

PC. Бұл – пластиктің ең зиянды түрі. Суға арналған бөтелкелерді жасауда қолданылады. Құрамынан эндокринді жүйені жоятын «бисфенол А» химиялық затын бөледі. 

Хабарламаларға жазылу