Нигерияда пластик құтылардан үй салына бастады (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияда пластик құтылардан үй салына бастады (ФОТО)

06.02.2016
Нигерияда пластик құтылардан үй салына бастады (ФОТО)

Нигерияда тұрғындар көп шығынданбау үшін пластик құтылардан үй сала бастады. Жобаны NGO Africa Community Trust бірлестігі қолға алған. Үйдің энергиясы күн панельдері мен қалдықтарды өңдеуден шығатын метан арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғын үйлер оқ өткізбейді, өртенбейді әрі жер сілкінісіне де төзімді көрінеді.

Үй салу үшін жұмысшылар пластик құтыны топырақпен толтырып, оларды цементпен немесе сазбен бекітеді.

Айта кетейік, 2 бөлмелі үй салу үшін 14 мың құты қажет. Ал, Нигерияда күн сайын 3 миллионға жуық пластик құты қоқысқа тасталады.

 

Сурет: billionnews.ru

Хабарламаларға жазылу