Аргентина: Испан конкистадорлары алғаш Рио-де-ла-Плата өзенін ашқанда ол күміске толы болған. Осыдан Аргентина (латын тілінен argentum - күміс) атауы шыққан.
Нидерланд: Мемлекет аумағының көп бөлігі теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Сондықтан, Нидерланд сөзі «Төменгі жер» деген мағынаны білдіреді.
Венгрия: Венгрлерді ұзақ уақыт бойы «Он көшірменің адамдары» деп атаған. Түріктің «Оногур» сөзі осы мағынаны білдіреді. Бұл он тайпаның одақтастығы мағынасын білдіріп, ел атауы осыдан шыққан.
Бразилия: Ел атауы португал тілінен аударылғанда brasa сөзі «Көмір» деген мағына білдіреді.
Испания: Испания жағалауларында ертеректе қоян көп болғандықтан, атауы соның құрметіне қойылған. Сонымен қатар, фин тілінде «И-шпаним» сөзі «Қояндар жағалауы» деп аударылады.
Коста-Рика: Бұл атаудың шығу тегі Колумб саяxатымен байланысты. Бірде ол жағалаудағы адамдардың түрлі алтын бұйымдарды тағып жүргенін байқайды. Осы себептен, испан тіліндегі «Бай жағалау» атауы арқау болды.
Люксембург: Люксембург неміс тілінен аударғанда «Шағын сарай» деген мағынаны білдіреді.
Молдова: Молдавия князьдығы алғашқы билеушінің аң аулау кезінде қайтыс болған итінің атымен аталады деген жорамал бар. Екінші бір нұсқада ертегермандық mulde сөзі «Алқап» деген мағынаны білдіреді дейді.
Намибия: Ел атауы Намиб шөлінің атауынан шыққан. Ол нама тілінен аударғанда «Ештеңе жоқ жер» деген мағынаны білдіреді.
Исландия: «Мұзды ел» деген атауды Исландияға IX ғасырда келген нормандар берген. Бірақ, Исландия «Жасыл жер» деген атауды білдіретін Гренландиядан жылырақ.