Қазақстан мен Ұлыбритания құқықтық салада ынтымақтастық орнатты

04.12.2014
Қазақстан мен Ұлыбритания құқықтық салада ынтымақтастық орнатты

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне іс-сапары аясында бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Ұлыбританияның Бас прокуроры Джереми Райтпен болған кездесуде тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың стратегиялық деңгейін және құқықтық салада ынтымақтастық орнатты.

Ал, Әділет министрі Кристофер Грэйлингпен болған кездесуде прокуратура органдарының құқық қорғау қызметі және Қазақстанның негізгі халықаралық шарттарға қосылу барысы талқыланды. Сондай-ақ, Асхат Дауылбаев пен Кристофер Грэйлинг екі мемлекет арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастық және бірлескен консультативті комитет құруға қатысты Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Хабарламаларға жазылу