Мамыр айында Алматыда дзюдо академиясы ашылады
Жаңа дзюдо академиясы барлық халықаралық талаптарға сай болмақ. Спорт кешенінде 4 татамиге арналған зал, жаттығу залы, 100 адамға арналған жатақхана мен асхана орналасады. Оның ішінде Қазақстан Ұлттық құрамасының ғана спортшылары емес, дзюдо спортына қызығушылық танытқан жеткіншектер де жаттығатын болады.
Сонымен қатар, академия аясында халықаралық дәрежеде оқу-жаттығулар, шетелдік мамандардың қатысуымен семинарлар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру көзделген.
Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысады, деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтау мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
23.01.2026, 17:41
Алматыдағы мектепте ЖИ зертхана ашылды
23.01.2026, 17:36
Тараздағы әскери мектеп-интернатқа 180 бала қабылданды
23.01.2026, 17:33
Ғылымға бет бұрған ғалымдар көбейіп келеді
23.01.2026, 17:30
Жастарды қолдау шаралары жүйелі жұмыс істеуде
23.01.2026, 17:27
Абай облысы жедел жәрдем көліктерімен толықты
23.01.2026, 17:24
Қарағанды облысында жаңа мәдениет үйі ашылды
23.01.2026, 17:21
О.Сүлейменовты Нобель сыйлығына ұсынды
23.01.2026, 17:18