Бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Ұлы даланың ұланымын» атты студенттер айтысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Ұлы даланың ұланымын» атты студенттер айтысы өтеді

06.04.2016
Бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Ұлы даланың ұланымын» атты студенттер айтысы өтеді

Қазақ Ұлттық өнер университеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алаш қайраткерлерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай «Ұлы даланың ұланымын» атты студенттер айтысын өткізгелі отыр.

Айтысқа оқу орнының «Дәстүрлі ән» кафедрасының студенттері мен Астана қаласы жоғары оқу орындарының таңдаулы  айтыскерлері қатысады.

Айтыстың негізгі мақсаты – ақындардың жүрекжарды жыры арқылы тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру және Алаш ардагерлерін еске алып, өнерді дәріптеу.

Үздік өнерімен дараланған ақынға – Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры  Айман Мұсақожаеваның арнайы жүлдесі табысталмақ. Сонымен қатар, осы додаға қатысқан ақындарға айтыс ардагерлері атындағы арнайы жүлделер тағайындалып отыр.

Хабарламаларға жазылу