Астананың кейбір аудандарында жарық пен ыстық су уақытша өшіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың кейбір аудандарында жарық пен ыстық су уақытша өшіріледі

11.08.2014
Астананың кейбір аудандарында жарық пен ыстық су уақытша өшіріледі

Бүгін Астананың кейбір аудандарында құрылыс жұмыстарына байланысты электр жарығы уақытша өшіріледі, деп хабарлайды astana.kz сайты «Астана РЭК» АҚ сілтеме жасап.

Электр жарығы төмендегі мекен жайлар бойынша өшірілетін болады: Петрова көшесі 16, 16/1, 16/2, 16/3; Мирзоян 11/4, 11/5; Карталинская көшесі, Айдын, Рауан қилысында; Кенесары көшесі 226-234; Морозова көшесі 53-65; Брусиловский көшесі 49; Құтпанов көшесі 13-25, 20,22; Алтынемел 1-9, 8; Карбышев көшесі; Медеу көшесі; Жуков көшесі; Ауезов көшесі 19, 21; Сейфуллин 27/2;  Алтынемел 2, 4; Жумабаев көшесі 3,5,9. Сондай ақ, Әуежай бағытындағы тасжолдағы бақшада жарық уақытша өшіріледі.

Осыған қоса, «Астана-Теплотранзит» АҚ деректері бойынша, Абай көшесі 47, Омаров көшесі 91, Сейфуллин көшесі 42, 100; Жеңіс даңғылы 34, 36, 36/3, 36/4, 36/5, 38, 36/2, 50, 52, 54; Желтоқсан көшесі 37, 40, 38/1, 45,43/1, 43, 39, 36; Ы. Дүкенұлы көшесі 1, 1а, 2, 4, 6, 7, 7а; Бөгенбай батыр даңғылы 37, 43/1, 43/2, 39, 41, 3/3, 45; Бейбітшілік көшесі 37,39,41,43 мекен жайларында құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ыстық су уақытша тоқтатылады.  

15 тамызда Досмұхамедұлы көшесі 1, 1/1; Пушкин көшесі 59/3, 55/1,53, 49, 43/1, 45; Жетіген көшесі 32, 28а; Можайского көшесі 10 және Промзона көшесі 19, 91 мекен жайларында ыстық су тоқтатылады.

Хабарламаларға жазылу