«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының ертеңгі қонақтары арасында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Алмас Сырғабаев бар. Жуырда Астанада «Алаш ардақтыларына мың тағзым» атты картиналар көрмесі өтті. Суретші осы шара төңірегінде әңгіме өрбітпек.
Мұрын, құлақ, тамақ ауруларының алдын алу жолдарын білесіз бе? Мұндай дерттің асқыну салдары қандай ауруларға әкеліп соғады? Бұл сауалдарға ертеңгі таңғы бағдарламаның қонағы балалар лор дәрігері Назгүл Ерсайынқызы жауап береді.
Сондай-ақ, 13 жасар пианист Бекзат Рақымов, балаларын Абайдың шығармаларымен тәрбиелеп келе жатқан әке Әлмахан Қайыпбеков, менталды арифметика, көгершіндерді қолға үйрету жолдары және т.б. қызықты сюжеттермен ертеңгі «Таңшолпанда» таныса аласыздар.
Еске сала кетейік, «Таңшолпан» бағдарламасы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 07:00-10:00-де эфирге шығады.