Парасат Отан: «Жорғатайды» бүкіл зал қосыла шырқағанда, ерекше күйге бөлендім (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парасат Отан: «Жорғатайды» бүкіл зал қосыла шырқағанда, ерекше күйге бөлендім (ВИДЕО)

24.05.2016
 Парасат Отан: «Жорғатайды» бүкіл зал қосыла шырқағанда, ерекше күйге бөлендім (ВИДЕО)

«Жас қанат-2016» республикалық жас әншілер байқауының жеңімпазы Парасат Отан бүгін «Таңшолпанға» сұхбат берді.

Жас өнерпаз Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеттің түлегі. Қазір Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның әншісі болып қызмет етуде.

«Байқаудың үшінші күні халық әні «Жорғатайды» орындағанда, Нұрлан Абдуллин ағамыз бастап, бүкіл зал қосыла шырқады. Сол кезде жүрегімді қуаныш сезімі биледі. Қазақтың өнерге, әнге деген сүйіспеншілігі ерекше күйге бөледі», дейді әнші.

Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу