Әнші-сазгер Гүлмайдан Сүндетова туралы жақындары мен жора-жолдастарының пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші-сазгер Гүлмайдан Сүндетова туралы жақындары мен жора-жолдастарының пікірі

02.04.2016
Әнші-сазгер Гүлмайдан Сүндетова туралы жақындары мен  жора-жолдастарының пікірі

Ақын Оразақын Асқар: «Қазақта кім білмейді Гүлмайданды,

Ән мен күй өмірі оның жырға айналды.

Мөп-мөлдір сыңғырлаған нәзік үні,

Тілеймін сайраса деп тынбай мәңгі.

Қазақта кім білмейді Гүлмайданды,

Сиқырлы  домбырасы сырнайланды.

Құбылтып, құйқылжытып шырқағанда,

Көкте күн, жерде бұлбұл тыңдай қалды»,- деп жырлаған Қазақстанның Халық әртісі  Ғарифолла Құрманғалиевтың шәкірті, әнші, сазгер Гүлмайдан Сүндетованы білмейтін жан жоқ.

Гүлмайдан жан-жақты өнер иесі.  Оның қазақ киносына да қатысқан кездері бар. 1996 жылы  «Жамбылдың жастық шағы» фильмінде Бұрым рөліндегі қыздың әнін орындады. Ал, «Көшпенділер» фильмінде қазақ әйелінің бейнесінде көрініске қатысты.

Гүлмайдан Сүндетованың орындауында Қазақ радиосының «Алтын қорында» алпысқа жуық ән сақтаулы. Солардың ішінде «Ауылыңа бір келгенде», «Құдіретті үн», «Махаббатым өзімде» сынды өз  әндері бар. Толығырақ...

Хабарламаларға жазылу