Атырауда Францияның консулдығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Францияның консулдығы ашылды

23.06.2014
Атырауда Францияның консулдығы ашылды
Атырауда Францияның алғашқы құрметті консулдығы ашылды. Бұл - өз кезегінде, екі ел арасындағы іскерлік байланыстың жылдан-жылға нығайып келе жатқандығының айғағы.
 
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы жылына 6,5 миллиард еуроны құрап отыр. Бұл көрсеткіш алдағы кезде еселеп арта бермекші.
 
Бүгінде Қазақстанмен бірлесіп 200-ден астам француздық компания жұмыс істейді. Ал, елімізде тұрақты түрде қызмет ететін франциялық құрылымдардың жалпы саны 60-тың үстінде.
 
 Олардың басым бөлігі мұнай-газ саласына жұмылдырылған. Айта кету керек, Франция еліміздегі ірі инвесторлардың біріне айналып отыр.
 
Олар елімізге 9 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған.
 
Ал, мұнайлы өңірде ашылған консулдық екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынасты одан әрі жандандыруға өз үлесін қоспақшы.   
 
Франсис Этьен, Қазақстандағы Францияның Төтенше және өкілетті Елшісі:
Біздің басты мақсатымыз - Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту. Қазақстанда 60-тан астам француздық компания қызмет етеді. Солардың көбі - осы Атырауда. Біздің консулдықтың да осы қалада ашылуы сондықтан.
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу