Адамның жазуы арқылы мінезін анықтауға болады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адамның жазуы арқылы мінезін анықтауға болады (ВИДЕО)

31.03.2016
Адамның жазуы арқылы мінезін анықтауға болады (ВИДЕО)

Адамның жазуы арқылы оның мінезін оңай анықтауға болады. 

«Біз өзіміздің таным-түйсігімізде көркем жазатын адамдарды дүниеге көзқарасы кең және аса сезімтал деп ойлаймыз. Алайда, бұл жаңсақ пікір. Керісінше, түсініксіз жазатан адамдардың мақсатына талпынысы жоғары, интеллектуал болып келеді», дейді психолог Айман Ысқақ.  

Басқы әріптердің өрнектеліп, ерекше жазылуы өзіне көңіл аудартуды қалайтындарға тән. Толқынды әріптер қияли адамдарда, дәптердің шеткі сызығына дейін жеткізіп жазу талапшыл жандарда жиі байқалады. 

Сондай-ақ, графолог мамандар адам мінезін әріптерінің өлшеміне қарай да тануға болатынын айтады.

Майда жазу үлгілері адамның ұяң, бірақ, кез келген ортада өзін жақсы ұстай алатындығын білдірсе, орташа жазылған әріптер сезімталдылықты, ірі әріптер ол адамның оптимист екендігін көрсетеді.   
 
Жазуға қарап мінезді анықтаудың өзге де сыры туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер. 

Хабарламаларға жазылу