Дариға Назарбаева: Ұлт жоспарының 5 бағыты бойынша жасалған жұмыстардың алғашқы нақты нәтижелері бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дариға Назарбаева: Ұлт жоспарының 5 бағыты бойынша жасалған жұмыстардың алғашқы нақты нәтижелері бар

30.03.2016
Дариға Назарбаева: Ұлт жоспарының 5 бағыты бойынша жасалған жұмыстардың алғашқы нақты нәтижелері бар

Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның баспасөз мәслихаты өтуде. Онда «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының қалай жүзеге асып жатқандығы баяндалуда.

Алдымен сөз алған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын іске асыру жұмыстарына тоқталды.

«Жаңа жылдан бері елімізде «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын іске асыру жұмыстары жүріп жатыр.  Ол үшін Президент Н.Назарбаевтың Жарлығы бойынша  арнайы Ұлттық комиссия құрылып,  негізгі ұйымдастыру жұмыстары өткен жылы басталып кетті.  Содан бері бірталай жұмыс атқарылды. Бес жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, отандық, халықаралық сарапшылар тартылды.  Комиссия жұмысы Елбасының тұрақты бақылауында.

Аз ғана уақыт ішінде Ұлттық комиссияның 48 отырысы өтті. Әлемдік стандарттарға сай келетін 59 заң қабылданды. 400-ден астам нормативтік-құқықтық актілер дайындалды. Олардың бәрі бүгінде күшіне енді. Заң шығару жұмыстары биыл да жалғасатын болады. Ұлт жоспарының 5 бағыты бойынша жасалған жұмыстардың алғашқы нақты нәтижелері бар.  Қазіргі кезеңде Ұлт жоспарын тиімді іске асыруға қажетті барлық негіз қаланды»,-деді ол.

Хабарламаларға жазылу