Иманғазы Нұрахметұлы: Білім саласын тек іскер емес, қайраткер адамдар басқаруы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иманғазы Нұрахметұлы: Білім саласын тек іскер емес, қайраткер адамдар басқаруы керек

30.03.2016
Иманғазы Нұрахметұлы: Білім саласын тек іскер емес, қайраткер адамдар басқаруы керек

«Халқының саны аз, жері кең, байлығы мол елде елдікті ұстап тұрудың да, ұлт ретінде дамудың да жалғыз жолы - білімде.

Елбасымыз Ұлт жоспарында ел болашағына қатысты стратегиялық шараларды атап көрсетті. Соның бірі білім саласына қатысты. Интеллектуалды ұлт болып қалыптасу үшін мықты білім жүйесі керек. Сондықтан, бұл сала үздіксіз реформалауды қажет етеді. Білім саласын қайраткер адамдар басқаруы керек. Тек іскер адамдардың жетекшілігімен алға баспайды», дейді ғалым.

Иманғазы Нұрахметұлы - Қожа Ахмет Ясауидың «Диуани Хикмет» кітабының шағатай тіліндегі түпнұсқасын аударуға үлес қосқан ғалым.

Бұл туралы зерттеуші: «Көкшетаудағы өнер және әдебиет институтында Қожа Ахмет Ясауидың 50-ге жуық хикметінің қазақ жерінде жазылған қолжазбасы бар. Белгілі бір кезеңде жазылғандықтан, тек сол заманға сай анықтамаларды беретін сөздер кездеседі. Олар аударуға келмейді. Бұл жазбалардың тілін шағатай емес, көне қазақ тілі немесе ортағасырлық түрік жазба тілі дегеніміз дұрыс болар», деген пікірін білдірді.

2011 жылы мемлекеттік тапсырыспен ақынның «Топыраққа түскен сәулелер» атты өлеңдер жинағы жарық көрген.

«Қазір екінші өлеңдер жинағымды әзірлеп жатырмын. Кітап тек кітапханада тұру үшін жазылмауы керек, елге жетуі тиіс. Елге жететін кітаптар жаза алмай жүрміз», дейді ақын.  

Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда».  

Хабарламаларға жазылу