Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен Қазақстан Республикасының Бразилия, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения және Финляндия Республикаларындағы Төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;
Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметінен босатылды;
Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;
Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.