Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды

05.02.2017
Саяси температураның ыстық-суығын жұлдызшыдай болжағыш саясаттанушылардың өздері аңдамай қалды. Айға жуық уақыт Мәскеудегі иесіз бос тұрған елшілікке Иманғали Тасмағамбетов кетті. Үкіметтегі үлкен жиын біткен бойда Елбасы ықпалды саясаткерді Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне тағайындады. Иманғали Нұрғалиұлының іскерлігін ел біледі. «Оның елші болып кетуі тегін емес», дейді саясатшылар. Биліктің биік лауазымдарында әдбен ысылған һәм саясатта салмағы қорғасын тартар интеллектуал енді қазақтың мүддесін Кремльде қорғамақ. Ал, аталған орында үш жыл отырған сақа саясаткер Марат Тәжин болса, бір ай бұрын Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне кіріскен болатын.

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Хабарламаларға жазылу