30 наурызда әнші Ерлан Рысқалидың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтпек. Сондай-ақ, өнер иесі жақында Моңғолияның Баян-Өлгий аймағына барып, концерт өткізіп келді.
Әнші өнердегі жаңалықтары туралы тыңдармандарымен ертең Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасы арқылы бөліспек.
Сондай-ақ, таңғы бағдарлама студиясына қонаққа «BI Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығы фестивалінің ұйымдастырушысы Алтынай Тәңірбергенова келеді. Республикалық шара 1 маусым – Балаларды қорғау күнінде аяқталады.
Сонымен қатар, ертеңгі бағдарламадан көктемгі көңіл-күйді реттеу, апатиямен күрес жолдары туралы психолог Айман Ысқақованың кеңесін тыңдай аласыздар.
Еске сала кетейік, «Таңшолпан» эфирге дүйсенбі-жұма аралығында таңғы 07.00-де шығады.