Қазақстандықтар енді сапасыз тауарды иесіне жарты жылдан соң да қайтара алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар енді сапасыз тауарды иесіне жарты жылдан соң да қайтара алады

25.03.2016
 Қазақстандықтар енді сапасыз тауарды иесіне жарты жылдан соң да қайтара алады

Аталмыш мәселеге қатысты Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мұндай түзетулердің тұтынушылардың бірнеше мәрте қайтара жасаған шағымдарынан кейін  енгізілгендігін айтады.

Министрдің сөзінше, сатып алушылар әдетте тауардың жарамсыздығын біраз уақыт өткен соң ғана барып біледі. Бұл ретте мұндай түзетудің барлық тауар түрлеріне қатысты емес екендігін айта кету керек. Мысалы тез бұзылатын тағамдарды міндетті түрде белгіленген уақытында өткізу керек.  

«Біз бүгінгі нормаларды сапасыз тауарды және қажетті құжаттарды көрсеткен жағдайда сапалы тауармен алмастыра алу үшін енгізіп отырмыз. Біз бұл мәселенің бәрін жан-жақты реттедік. Біз тауарларды арнайы топтарға бөліп отырмыз. Өйткені, тек белгілі бір маусымда ғана пайдаланылатын тауарлар болады. Мысалы сіз тауарды жазда сатып алып, сапасыз екеніне қыс мезгілінде, оны пайдаланатын кезде ғана көз жеткізесіз. Осы мәселенің барлығы жан-жақты пысықталды»,-дейді министр.   

Хабарламаларға жазылу