Баламалы электр станцияларының иелеріне ерекше жағдай жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баламалы электр станцияларының иелеріне ерекше жағдай жасалады

13.03.2024

Қазақстандықтар шағын энергия өндіру қондырғылары арқылы пайда таба алады. Қуаты 200 МВт-тан аспайтын баламалы электр станцияларының иелеріне ерекше жағдай жасалмақ. Тиісті заң жобасы бүгін мәжілісте қаралып, бірінші оқылымда мақұлданды. Мұндай қондырғы кәсіпорындарды тіпті тұрғын үйлерді электр қуатымен қамтамасыз ете алады. Ал артық өндірілген электр энергиясын жабдықтаушы ұйымға сатуға болады. Ол үшін жаңартылатын энергия көздері нысанының иесіне жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің де қажеті жоқ.


Хабарламаларға жазылу