Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасында Елбасының Тәуелсіздік алған жылдағы алғашқы жалақысын есептеп бергенін айтты.
«Елбасының өзі бізге келіп, «Біз Тәуелсіз елімізді құрдық. Президентті Парламент сайлайды және менің жалақымды да Парламент тағайындау керек», деді. Сөйтіп, есептеп көрсем, менің жалақымнан 10 есе көп екен. Ол уақытта мен аға ғылыми қызметкермін, жалақым да жоғары еді.
Елбасының ол кездегі жалақысы рубльмен болатын. Оны қазір теңгеге немесе долларға шаққанда қанша болатынын білмеймін», - дейді Асқар Жұмаділдаев.