Асқар Жұмаділдаев: «Жаңа Қазақстан құру» тұжырымдамасына әр азамат атсалысуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Жұмаділдаев: «Жаңа Қазақстан құру» тұжырымдамасына әр азамат атсалысуы тиіс

19.03.2022

Жаңа Қазақстан құру – жалпы халыққа ортақ іс. Осылай деген белгілі ғалым Асқар Жұмаділдаев Президенттің соңғы жолдауы ерекше әсер қалдырғанын айтады. Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген бастамаларды көтерді. Сондықтан, «Жаңа Қазақстан құру» тұжырымдамасына, әр азамат атсалысуы тиіс, - дейді ол.

Асқар Жұмаділдаев, академик, физика-математика ғылымдарының докторы:

Менің ойымша бұл арада екі мәселе бар. Бірінші оқу мәселесі. Тәрбие беру мәселесі. Бұл жерде сөзбен емес іспен көрсету қажет барлығын жасқа да, кәріге де. Бұл тек қана Үкіметтің ғана мәселесі емес. Бұл жалпы халықтың мәселесі. Өзіміздің, балалардың, тәрбиенің мәселесі. Сондықтан біз өзімізге сын көзбен қарау мәселесін баса айтар едім.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу