Онда 300 жеткіншек тәлім алады. Алайда, бұл академия бекзада спортқа қызығатын жастар үшін аздық етеді. Осыған байланысты ата-аналардан академияның ауқымын кеңейтіп, бөлімшелерін ашуға ұсыныс түскен.
Сондықтан, балалар арасында бұқаралық спортты дамытуды көздейтін жаңа орталық 600 оқушыға арналған. Бөлімшенің ресми ашылу салтанатынан соң, шахматтан 2 дүркін Әлем чемпионы Анатолий Карпов пен әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік академияның оқушыларымен бір мезеттік ойын өткізді.