Ұлттық музейде «Наурыз – жыл басы» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде «Наурыз – жыл басы» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді

15.03.2016
 Ұлттық музейде «Наурыз – жыл басы» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді

Іс-шараның басты мақсаты – Ұлыстың ұлы күнін атап өтудің жаңа бағыттарын талқыға салып,  мерекенің маңыздылығын арттыру, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік жұмыс қызметі.

Мұндағы мақсат - жас ұрпаққа ұлттық таным мен тағылымды насихаттай келе, Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіріп, оның деңгейін көтеру.

Салт-дәстүрімізді, ата тарихымызды ұлықтай отырып, ұлттық идеология жұмыстарын жандандыру. Қазақ халқының үлгі тұтар үрдістері мен ұстанымдарын нығайта түсуге күш салу.

Жиынға белгілі этнографтар, тарихшы мамандар, қоғам қайраткерлері қатысады деп күтілуде.

 

Хабарламаларға жазылу