Ұлттық банк еліміздің үш аффинаж зауытында өндірілген алтынның бәрін сатып алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк еліміздің үш аффинаж зауытында өндірілген алтынның бәрін сатып алмақ

15.03.2016
Ұлттық банк еліміздің үш аффинаж зауытында өндірілген алтынның бәрін сатып алмақ

2015 жылы Қазақстанда 30 тонна алтын өндірілді. Бұл жайлы «Тау-Кен Алтын» компаниясының директоры Мейрамғали Тілеужанов Астанада өткен брифинг кезінде мәлім етті, деп хабарлайды www.almaty.tv.

Оның айтуынша, аффинаж, яғни асыл металдарды басқа металдардың қоспасынан айыратын кәсіпорынның өнімін Ұлттық банк сатып алады. Осылайша, бас банк Мейрамғали Тілеужанов басқаратын мекеменің өзінен 10 тонна алтын сатып алған. 2016 жылға 14 тонна алтын алу келісілген. Сонымен қатар, ол Ұлттық банк үш аффинаж зауытында өндірілетін алтынның барлығын сатып алуды жоспарға қойған деді.

Хабарламаларға жазылу