Наурызда 3 мыңға жуық бағалы металл құймасы сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурызда 3 мыңға жуық бағалы металл құймасы сатылды

15.04.2021

Алтын құймалар саудасы. Өткен айда 48 келіден аса 3 мыңға жуық бағалы металл құймасы сатылды. Нарықта олардың құны Ұлттық банк бекіткен бағаға қарағанда 3,5-5 процентке қымбат. Кейбір екінші деңгейлі банктер қазір 10 граммдық құйманы 254 900 теңгеден сатса, халықтан сатып алу бағасы 240 мың теңгеден асты. Мамандар алтынның құны сұранысқа қарай жиі құбылатынын айтады. Ал бағаның қымбаттауына АҚШ-та инфляция өсуі мүмкін деген болжам әсер етеді деп есептейді. Жалпы елде тазартылған алтын құймаларын сату-сатып алу бағдарламасын 2017 жылы басталды. Содан бері 50 мыңнан аса құйма сатылған. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу