Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өтетін дәстүрлi Наурыз-айтыс 18-ші наурыз күні сағат 11:00-де өтеді.
Аталған жыр дода Қазақстанның тәуелсiздiгiнiң – 25, Мәделiқожа Жүсiпқожаұлының – 200 және Қазанғап Байболұлының 125 жылдығына арналады.
Оңтүстік Қазақстан облысында 2004 жылдан бері ұйымдастырылып келетін республикалық айтысқа Айбек Қалиев, Біржан Байтуов, Аспанбек Шұғатаев, Нұрлан Есенқұлов, Мөлдір Айтбай, Мұқтар Ниязов, Карима Оралова, Жарқынбек Наушабеков, Қажымұқан Абзалов, Анар Жаппарқұлова, Қалижан Білдашев, Мақсат Аханов, Дәурен Ақсақалов, Бауыржан Шимерденұлы, Еркебұлан Қайназаров, Анапия Нұрғали сынды елге белгiлi жыр дүлділдері қатысады деп күтiлуде.
Айтыстың жүргізушісі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.