«Армысың, әз Наурыз!» концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Армысың, әз Наурыз!» концерті өтеді

13.03.2014
«Армысың, әз Наурыз!» концерті өтеді
Бүгін Астанадағы Конгресс холл сарайында Ұлыстың ұлы күніне арналған «Армысың, әз Наурыз!» мерекелік іс-шарасы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады. 
 
Мерекелік шарада қазақтың дәстүрлі әншілері Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева, Данияр Мұқанов, Сәуле Желдібаева, Маржан Арапбаева, Жаңабай Өтегенов, айтыс ақындары Балғынбек Имашев пен Жандарбек Бұлғақов өнер көрсетеді.
 
Сонымен қатар, «Наз» театрының бишілері би билеп, «Серпер» домбырашылар тобы қазақ күйлерінен попурри ұсынады.
 
Ал, көрермендер интерактивті ойынға қатыса алады.  Белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар да бар. 
 
Мерекелік шара сағат 17.00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу