Данагүл Темірсұлтанова 1964 жылы 9 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданында дүниеге келген. 1987 жылы қазіргі Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының театр бөліміне оқуға түсіп, Шолпан Жандарбекова мен Тілектес Мейрамовтың сыныбын бітіреді.
Дипломдық жұмысы «Қарагөз» спектаклі атышулы болып, жолдама арқылы қазіргі М.Әуезов атындағы драма театрына актриса болып қабылданады. Әлі күнге дейін сол қара шаңырақта қызмет етеді.
1989 жылы «Тамаша» ойын-сауық театрына Лұқпан Есеновтың шақыртуымен келеді. 2005 жылы Гүлбаушан Тілеубековамен «Аққу-Гәкку» әзіл-сықақ театрын құрды.
Актрисаның әзілге құрылған сұхбатын бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:55-те тамашалай аласыздар. Толығырақ...