«Түнгі студияда» - Геннадий Хазанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - Геннадий Хазанов

21.10.2014
«Түнгі студияда» - Геннадий Хазанов

Геннадий Хазанов – ресейлік эстрада әртісі, театр және кино актері, тележүргізуші, қоғам қайраткері, Мәскеу эстрада театрының жетекшісі, Ресейдің халық әртісі.

Пародия жанрымен Хазанов мектепте оқып жүрген кезінде айналыса бастаған. Атақты әртістер мен танымал жандардың дауысын айнытпай  салған ол талай байқауларда жеңімпаз атанған.

Ол әртістермен қатар өзінің қатарластары мен мұғалімдеріне де пародия жасаған. Бір қызығы, тек математика пәнінің мұғаліміне «тиіспеген» екен.

Геннадий Хазановтың жас кезінен бергі айнымас досы – Леонид Якубович.

Әртіс бүгін 23.30-да «Түнгі студияда» қонақта.

Хабарламаларға жазылу