«Түнгі студияда» - «Лашын» тобы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - «Лашын» тобы

20.05.2015
«Түнгі студияда» - «Лашын» тобы

Танымал тележүргізуші әрі продюсер Баян Есентаева құрған «Лашын» атты жаңа топта Сара Амангелді, Ақбота Айтқұлова және Элизат Берікова сынды талантты қыздар бар.

Топтың ең жас әншісі Сара Амангелді вокалдық қабілеті жоғары, мінезіне көркі сай, харизмалық әнші. Сара рэп оқиды.

Топтың тағы бір мүшесі – Ақбота Айтқұлова. Еуразия Ұлттық университетінің студенті.

«Лашын» тобының үшінші солисі – Элизат Берікова. Ол Чайковский атындағы музыкалық училищесінде білім алады.

«Лашын» тобы бүгін 23:30-да Ұлттық арнада қонақта. Қапы қалмаңыздар!

Хабарламаларға жазылу