«Danone» компаниясының тарихы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Danone» компаниясының тарихы

13.03.2016
«Danone» компаниясының тарихы

Штаб пәтері Парижде орналасқан бұл компания йогурт өнімін шығарады. Компания 1919 жылы Барселонада Исаак Карассо есімді түркиялық еврей құрған. Ол өзінің ұлы Даниэльдің құрметіне өнімді осылай атаған екен. Мамандығы бойынша дәрігер Исаак алғашқы кездері өнімін дәріханалар желісінде дәрі ретінде сатқан.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталған уақытта ол өз өмірін қатерге тігуден бас тартып, Америкаға көшіп кетеді. Сол жерде «Dannon Milk Products Inc» компаниясының негізін салады. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарға айтуға қолайлы болуы үшін компанияның атауына шағын өзгерістер енгізеді.

1951 жылы соғыс біткен уақытта Исаак Еуропаға оралып, екі жылдан кейін, сол кезде ең танымал болған өнім – банан, шабдалы, құлпынай дәмі бар йогуртты шығаруды бастайды.

1967 жылы «Danone» Франциядағы ірімшік өндіретін танымал «Gervais» компаниясымен бірігеді. Ал, 1973 жылы «Gervais Danone» компаниясы шыны шығаратын «Boussois – Souchon – Neuvesel» бірлестігіне қосылады. Осылайша, бір-бірімен байланыспайтын өнімдердің қосылуынан танымал «BSN-Gervais Danone» корпорациясы құрылған екен.

Қазіргі уақытта компания негізінен сүт өнімдерін, балаларға арналған тағамдар мен табиғи су шығарумен айналысады. Оның өнімдері «Danone», «Активиа», «Fantasia», «Danissimo», «Evian, Raumplus», т.б. атаулармен шығып отырады. Соңғы деректер бойынша компания 102 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Хабарламаларға жазылу