Мемлекет басшысы «Cameco» компаниясының президенті Тим Гетцельді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Cameco» компаниясының президенті Тим Гетцельді қабылдады

03.06.2015
Мемлекет басшысы «Cameco» компаниясының президенті Тим Гетцельді қабылдады

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-ші отырысына қатысуға келген «Cameco» компаниясының бас басқарушы директоры және президенті Тим Гетцельді қабылдады.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстандағы уран өндіру саласының даму келешегін талқылады.

Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Т.Гетцельдің Кеңес жұмысына қатысатынына ризашылығын білдірді.

«Cameco» компаниясының Қазақстандағы қызметінің тарихы қалыптасып келеді. Компания 1996 жылдан бастап Инкай кенішінде жұмыс істей бастады.

Осы уақыт аралығында ол табысты жобалардың біріне айналды. Сондықтан, біз Сізбен бейбіт мақсаттағы атомды игеру саласындағы ынтымақтастықты жалғастырғымыз келеді. Осыған байланысты келісімге қол қою біздің елге және Сіздің корпорацияға пайдалы болады деп үміттенемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Т.Гетцель өз кезегінде  «Cameco» және «Казатомөнеркәсіп» компаниялары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Хабарламаларға жазылу