Елордада сақтар туралы тарихи фильмнің түсіріліміне дайындық басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада сақтар туралы тарихи фильмнің түсіріліміне дайындық басталды

03.10.2014
Елордада сақтар туралы тарихи фильмнің түсіріліміне дайындық басталды

Елордада сақтар туралыы тарихи фильмнің түсіріліміне дайындық басталды. Бұл туралы бүгін «Намыс продакшн» компаниясының атқарушы директоры Талғат Нысанбаев мәлім етті.

«Бұл Қазақстан кинематографиясындағы ең алдымен әлемдік прокатқа бағытталған тұңғыш жоба болмақ. Айта кетерлігі, бұған дейін сақтарға қатысты туындылар экранға шықпаған. Олардың бай мәдени мұрасы, тарихы бұған дейін еш уақытта көркем фильм ретінде көрсетілмеген», - деді компания басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, бұл жоба қазақстандық кинематографияның деңгейін еуропалық кино деңгейіне дейін көтеруі тиіс. Айта кетерлігі, фильм жас буынды отансүйгіштікке баулитын болады. Өйткені, сақтардың қазақтың арғы ата-бабасы екені белгілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу