
Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «Көкшетау» мәдениет сарайында ұйымдастырылып отырған жыр додасына облыстың әр өңірінен келген 10 ақын қатысуда.
Олар: Мұхамед Қонқаев, Оюлы Қуаныш, Нұрислам Әбділ және Хайымхан Жансая (Көкшетау қаласы), Құрмет Құралхан (Аршалы ауданы), Байрон Мәрес (Ерейментау ауданы), Мәлжанбай Азамат (Целиноград ауданы), Нұртуған Серік (Еңбекшілдер ауданы), Екпін Советхан (Зеренді ауданы), Марғұлан Оспанов (Бұланды ауданы), оған қоса Солтүстік Қазақстан облысынан келген Аманжол Зағыпар мен Жарқын Жұпархан есімді суырып салма ақындар қатысып бақ сынауда.
Дүбірлі жыр додасын танымал ақын Құдайберлі Мырзабек жүргізуде.
inform.kz
