6 шілдеде елордада аламан айтыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6 шілдеде елордада аламан айтыс өтеді

21.06.2016
6 шілдеде елордада аламан айтыс өтеді

6 шілде күні Астана қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Бағаналы ордам - басты ордам» атты ақындар айтысы өтеді. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлайды.

Сахна төрінде осы кезге дейін талай айтыстарда топ жарған, көпшілікке кеңінен танымал 12 ақын өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Айбек Қалиев, Сара Тоқтамысова, Мейірбек Сұлтанхан, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназар және тағы да басқалары. 

Ақындар айтысы атаулы датаға орайластырылып отырғандықтан, айтыстың басты тақырыбы - еліміздің жетістіктері мен даму перспективалары, сондай-ақ, егеменді еліміздің қалыптасу тарихы болмақ.

Ақындар қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелерді жырға қосады. Айтыскерлер өз ойларын сиқырлы сөзбен айтып, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізіп, өз тыңдармандарын қуантпақ.

6 шілдеде елордада аламан айтыс өтеді

Ақындар айтысының қазылар алқасының құрамында танымал суырып салма ақын, ғалым Аманжол Әлтаев, ҚР Халық ақыны Қонысбай Әбілов, белгілі айтыскерлер Дәулеткерей Кәпұлы, Серікзат Дүйсенғазин болады.

Хабарламаларға жазылу