Қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов пен Иван Дычко AIBA рейтингінде 1 орында келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов пен Иван Дычко AIBA рейтингінде 1 орында келеді

12.03.2016
Қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов пен Иван Дычко AIBA рейтингінде 1 орында келеді

Жаңа рейтингте қазақстандық боксшылар арасынан Данияр Елеусінов пен Иван Дычко өз салмақтарында бірінші орында келеді.

Ең жеңіл салмақтағы боксшымыз Біржан Жақып 500 ұпаймен 14 орында келеді. Ол соңғы рет шаршы алаңға 2015 жылдың 11 қыркүйегінде шыққан еді. Қазіргі таңда Біржан Жақып Рио Олимпиадасына дайындалуда. Ал, 49 келідегі тағы бір боксшымыз Теміртас Жүсіпов 60 орында.

52 келі салмақта 850 ұпайы бар Олжас Сәттібаев 9 орында болса, Ілияс Сүлейменов 700 ұпаймен 11 орында келеді.

56 келіде сынға түсетін Қайрат Ералиев жаңартылған рейтингте 740 ұпаймен 12 орында тұр.

APB жобасында 60 келіде Рио Олимпиадасына жолдама алған боксшымыз Берік Әбдірахманов рейтингтегі 73 боксшының тізміне енбеген. Есесіне, 2015 жылғы бокстан Азия және Әлем чемпионатына қатысқан Зәкір Сафиуллин 18 орынға көтерілген. Оның қоржынында 400 ұпай бар.

64 келі салмақтағы рейтингке қазақстандық ешбір боксшы енбеген.

Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов 69 келі салмақ дәрежесіндегі рейтингте 1 орында тұр. Данияр да Біржан Жақып секілді Рио Олимпиадасына дайындығын пысықтап жатыр.

75 келідегі 2013 жылғы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы рейтингте 1250 ұпаймен 4 орынға төмендеген. Ол өткен рейтингте 1 орында еді.

Сондай-ақ, 81 келідегі боксшымыз Әділбек Ниязымбетов те бұл рейтингте 1 саты төмендеп, 2 орынға түсіп қалды.

91 келідегі рейтингке қазақстандық 2 боксшы енген. Василий Левит 900 ұпаймен 6 орында болса, Антон Пинчук 700 ұпаймен 8 орында тұр.

+91 келідегі рейтингті отандасымыз Иван Дычко бастап тұр.

Хабарламаларға жазылу