Әскерилер марапатқа ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер марапатқа ие болды

07.05.2014
Әскерилер марапатқа ие болды
Атырауда да мерекеге орай әскери қызметшілердің қатысуымен салтанатты шара ұйымдастырылды. Жиында ерен еңбегімен көзге түскен әскерилер облыс әкімінің алғыс хаттарымен, сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің шешімімен I, II және III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.
 
Бұл күні әскери қызмет саласының ардагерлері де ұмыт қалмады. Оларға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.
 
Мадияр Елдекенов, 41-321 әскери бөлімі құпияландырылған байланыс құралының басшысы:
Қазір әскери қызметкерлер үшін жағдай жасалып жатыр. Міндетімді атқарғаным үшін осы медальмен марапатталып, қуанып тұрмыз.
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу