Кеңес Дүйсекеев – 70 жаста - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеңес Дүйсекеев – 70 жаста

09.03.2016
Кеңес Дүйсекеев – 70 жаста

Кеңес Дүйсекеев. Қазақтың ән өнеріндегі ойып тұрып орын алған есімдердің бірі. Ол эстрадалық әндердің жанрлық кеңеюіне де себепкер болған тұлға. Композитор әндерінің халық жүрегінен орын алуына тікелей септігін тигізген әндерінің 90 пайызына сөз жазған ақын, замандасы Шөмішбай Сариев екенін айтады.

«70 деген оңай жас емес. Жетпіске толғаныма өзім де сенбеймін.  Қас қағым дүние ғой. Осы жасқа келгенде адам баласы ойланады. Не бітірдім, қазаққа қандай қызмет істедім, деген ой келеді. Қарап отырсам, біраз қызмет еткен сияқтымын. Әндерімді халық сүйсініп тыңдап, ыңылдап айтатын халге жетті, осыған шүкір»,-дейді композитор.

«Қадір ағаммен екі ән жазып үлгердім. Тұма ағаммен бір ән де жазбаппын. Баяғыда  өзінің дайын өлеңдеріне жазылған әндер бар. Бірақ, тапсырыс беріп жазылған ән болмайтын. Содан ол кісіге хабарласып: «Менде әке туралы ән бар, тыңдап көресіз бе?»,-дедім. Ол кісі тыңдап көрді. Содан бірден: «Сен ойнай бер, мен қазір жарты сағаттың ішінде сөзін жазып беремін. Сен тұрмақ, Нұрғисаға да осылай жазғанмын»,-деді. Осылайша,  тап сол жерде «Жан әке» деген ән шықты»,-дейді Кеңес Дүйсекеев.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу